-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысының фермерлері субсидия алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін – депутат

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысындағы жер учаскелерін қайта рәсімдеу мәселелері туралы айтты.

Ғалия Мұхамбетқызы
26.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оның айтуынша, өткен жылы Алматы және Жетісу облыстарының шекаралары белгіленді. Алдын ала есептеулер бойынша жер учаскелерін қайта тіркеуге және тиісті құжаттарды қайта рәсімдеуге шамамен 3,5 млрд теңге қажет болады. Мұндай шығындар кәсіпкерлер мен ферма басшыларының қалтасын қағады.

«Сенатордың айтуынша, қазір Жетісу облысында қайта рәсімдеуге жататын 238 мыңнан астам нысан орналасқан. Егер жер учаскелерін қайта рәсімдеу қажет болса, ауыл тұрғындары өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттен субсидиялар алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін», – деді Ғалиасқар Сарыбаев өз өтінішінде.

Ол мемлекеттік органдардың шешімі бойынша елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылымы өзгерген кезде немесе жер учаскелері елді мекендердің шегіне қосылған кезде, шекаралар өзгерген жағдайда жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Осыған байланысты осы жұмыстарды Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен кезең-кезеңімен қаржыландыру мүмкіндігін қарауды сұраймын», – деп қорытындылады сенатор.

Тегтер: Жетісу облысысубсидия

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz