Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты:
- Алматы — Өскемен автожолының 124-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасы — Талдықорған қ.);
- Алматы — Өскемен автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қ. — Көлбай ауылы) көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы — Өскемен автожолының 78-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қ. — Жетісу облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.