-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Алматы облысында жыл басынан бері 23,2 мың адам жұмыспен қамтылды

Бүгін ҚР Үкіметінің кезекті отырысында халықты жұмыспен қамту мәселелері қаралды. Онлайн басқосуға қатысқан өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев облыстағы ахуал жайлы сөз етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
11.10.2022
Ә, кімдер?
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Биыл облыс бойынша 28,5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Аталған межеге сай, жыл басынан бері 23,2 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (республика бойынша 4,9%)», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, тұрғындардың жұмыспен қамтылу статистикасы мынадай:

• Ұлттық жобалар шеңберінде 20 087 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып, нақты 9 237 жұмыс орны құрылды (45,9%);

• Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына 23 мыңнан астам тұрғын қатысып, 19 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның шамамен 90 пайызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар;

• 5 мың кәсіпорынмен жұмыс орындарын сақтау мақсатында меморандум жасалды;

• Жалпы саны 229-ды құрайтын ірі және орта кәсіпорындарда 64 мың адам жұмыс істейді. Мұнда өндіріс көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қысқартуға ілігуі секілді жайттар тіркелген жоқ.

Бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген «кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы 4 бағытта жүзеге асырылып жатыр:

1. Қысқа уақытта маман дайындау – бюджеттен 331,2 млн тг қарастырылған. Биыл 1280 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. 1 қазанға дейінгі мәліметке сүйенсек, 818 адам жұмысқа жолдама алды.

2. Жұмыс орындарын субсидиялау – соңғы деректерге сәйкес, жұмысқа 7,2 мың адам орналасты, жоспар бойынша 7,4 мың адам қамтылуы керек болған.

3. 400 АЕК көлемінде грант беру – бұл бағытқа бөлінген ақша көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін 440 адам грант иеленді. Ал жылдың аяғына дейін 1031 адамға грант тағайындау жоспарланып отыр.

4. enbek.kz порталы арқылы онлайн оқыту – қыркүйек айының соңына дейін 1657 адам онлайн білім алды. 2022 жылдың аяғына дейін 1908 адам оқытылады.

Сөз соңында облыс әкімі халықты тұрақты қызметпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Және ол мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, МЗЖ-ның аударылу процесіне үнемі мониторинг жүргізілетіні жайлы мәлім етті.

Бұған дейін Finprom.kz сайты Қазақстандағы әр бесінші жұмыссыз адамның Алматы қаласында және Алматы облысының тұрғыны екенін жазған болатын.

 

1 of 7
- +
Тегтер: Марат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz