-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Алматы облысының әкімі еліміздің бас мүфтиімен кездесті

Бүгін өңірге іс-сапармен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы келді. Ол Қонаев қаласындағы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
10.10.2022
Ә, кімдер?
Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Аталған басқосу жайында ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтында баспасөз ақпараты тарады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде өңірдегі діни ахуал талқыланды. Сонымен қатар имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру, дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, аймақтағы мешіттерді кадрлармен қамтамасыз ету, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру т.б. мәселелер сөз болды.

Фото: muftyat.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымыздың біртуар тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев есімін жаңа облыс орталығындағы қалаға беру туралы бастамасы біздің діни саладағы жұмысымызға оң серпін беруде. Қонаев қаласынан Діни басқарма өкілдігін аштық», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиын соңында ҚМДБ төрағасы облыс басшысына игі ниетін жеткізіп, жаңа қызметіне береке тіледі. Және қос тарап ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетейік, биыл 8 шілде күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мүфтияттың Қонаев қаласында арнайы өкілдігі ашылып, жаңадан құрылған Алматы облысының бас имамы тағайындалды.

Тегтер: ҚМДБМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz