12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Айдана Дайырова
01.02.2023
Ә, кімдер?
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Қабылдау барысында Еңбекшіқазақ ауданынан Азангүл Әлбосын облыс әкіміне мал шаруашылығын дамыту үшін жер учаскесін беру туралы өтініш білдірді. Кәсіпкер түйе өсіру кәсібін бастаған. Бүгінде оның табынында 50-ге жуық түйе бар. Мал шаруашылығын ет және сүт бағытын дамытумен қатар, кәсіпкер өзінің жерлестерін қазақтың дәстүрлі тұрмыстық ыдыстарын жасау қолөнеріне үйретуге дайын.

«Менде көпбалалы аналарға қолөнер бұйымдарын жасау арқылы ақша табу үшін қолдау көрсету идеясы бар. Шикізат бар, бірақ бұл бизнесті бастау үшін маған қолдау қажет. Егер біз идеяны жүзеге асыратын болсақ, көптеген әйелдер ақша таба бастайды. Оның үстіне тұтынушылардан сұраныс бар», – деп атап өтті кәсіпкер.

Марат Сұлтанғазиев кәсіпкердің идеясы шағын және орта бизнесті дамыту туралы тапсырмасына сәйкес келетінін және жобаны қолдау қажет екенін айтып, аудан әкіміне тапсырма берді.

Облыс әкімі бір кездері белгілі кәсіпкер Сыдық Дәулетов өз шаруашылығын бір түйеден бастағанын еске салды. Мал шаруашылығындағы бұл сала субсидияланбайды. Соған қарамастан Сыдық Дәулетов өнімдерін алыс шетелге экспортталатын деңгейге көтере алды. Мұнда да осындай жағдай – Азангүл Албосын өз шаруашылығын екіден елу бас түйеге дейін ұлғайта алды.

Егер оған фермерлік шаруашылық жүргізу үшін жер телімін бөлу арқылы қолдау көрсетілсе, кәсіпкер мал басын одан әрі көбейтіп қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын құра алады.

Түйенің жүні жылы және ежелден емдік қасиетімен бағаланған. Сондықтан түйе жүнінен жасалған бұйымға жақсы сұраныс бар. Марат Сұлтанғазиев кәсіпкерлікпен айналысуға дайын ауыл әйелдерін қолдауға мүмкіндік болатынын атап өтті.

Бұл күні облыс әкімі 6 адамды қабылдады. Іс-шара барысында көтерілген барлық мәселелер өз шешімін тапты және оларды іске асыру Алматы облысы әкімі аппаратының бақылауында болады.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz