-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Алматы облысының әкімі Қарасай ауданын дамыту бағытында бірқатар тапсырма берді

Өңір басшысының айтуынша, Қарасай ауданы Алматы облысы экономикасының дамуы үшін үлкен үлес қосып жатыр.

Ақерке Жұмағазықызы
20.12.2022
Ә, кімдер?
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Ауданның үлесіне облыстың барлық өнеркәсіп өнімінің үштен бірі тиесілі. Мұнда 358 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың шоғырлануы ауданға облыс бойынша бірінші орынды сенімді ұстауға мүмкіндік береді (2 орын – Іле ауданы: 334 кәсіпорын, 24,4%; 3 орын – Талғар ауданы: 231 кәсіпорын, 16,9%)», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан бөлек, ауданның 358 кәсіпорнының 291-і өңдеу өнеркәсібі.

«Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

2022 жылдың 11 айында барлық кәсіпорындар 26,7% өсіммен 482,3 млрд. теңгеге өнім өндірді.

Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, аудандық жолдардың деңгейі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 63%-ға жетті, облыс бойынша ол 90% құрайды. Биыл ауданның жалпы ұзындығы 50,1 км жолын жөндеуге 7,8 млрд. теңге бөлінді.

Саин, Абай және Рысқұлов көшелерін Алматы қаласының шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін тесу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін бюджеттен 6,7 млрд. теңге бөлінді. 2023 жылдың соңына қарай 3,7 км жолды жөндеу жоспарланып отыр.

«Аудан халқын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі өткір боп тұр», – деді облыс әкімі.

Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновке, энергетика және ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожол басқармалары аудан әкімімен бірлесіп:

  • халықты орталықтандырылған сумен және газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауға алуды;
  • көпбалалы отбасыларды және халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешу жөнінде шаралар қабылдауды;
  • белгіленген мерзімде автомобиль жолдарын, оның ішінде кентішілік жолдарды жөндеуді аяқтау, олардың сапасын қамтамасыз етуді;
  • қала маңындағы автобус маршруттарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырды.
Тегтер: Алматы облысыҚарасай

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz