-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Еліміздің «Үздік ауыл әкімдері» анықталды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Ақерке Жұмағазықызы
27.12.2022
Ә, кімдер?
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Салтанатты шара барысында агенттік төрағасы үздік ауыл әкімдерін өз қызметінде халықтың сұранысына сай ашық, адал болуының маңыздылығын айтты. Және ол аталған байқаудың ауылдарды дамытуға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.

Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейтов «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.

2-орынға Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко, 3-орынға Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов табан тіреді.

Номинация бойынша жеңімпаз атанғандар тізімі келесідей:

  • «Үздік шаруашыл әкім» – ШҚО, Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Агланбеков;
  • «Үздік ашық әкім» – Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Зәуре Мұханалиева;
  • «Үздік әлеуметтік жоба» – СҚО, Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық ауылдық округінің әкімдері өтінім берді. Байқау өңірлік және республикалық кезеңдер бойынша өткізілді.

Өңірлік кезеңде әкімдер елді мекендердегі халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғады. Екінші кезеңде ауыл әкімдерінің кез келген мәселе туындаған кезде қалай әрекет ететініне, проблеманы шешу қабілетіне баға берілді.

Тегтер: Үздік ауыл әкімдері

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz