14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Есікте мектептің құрылысы басталды

Есікте 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Алғашқы тасын қалау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты.

Ақерке Жұмағазықызы
12.09.2023
Ә, кімдер?
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бұл оқу ошағы Болат Өтемұратовтың қоры арқылы қаржыландырылып, «Верный капитал» компаниясының қолдауымен салынбақ. Оған 8,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Ал мектептің ауданы – 12,5 мың шаршы метр. Оқу кабинеттерімен қатар, мектеп рекреациялық аймақтармен, оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және гимнастика залдарымен, ақпараттық орталықпен, зертханамен, шығармашылық студиясымен және коворкинг-кеңістігімен жабдықталады.

«Мектеп салу – әлеуметтік маңызды міндет. «Верный капитал» компаниясы, Forte Bank және Болат Өтемұратов Қоры мемлекеттік үлгідегі классикалық мектептерді ғана емес, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, заманауи оқу орындарын сала отырып, мектеп тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосады», – деді Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы доктор Алмаз Шарман.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев демеушілерге алғысын білдірді.

«Облыста үш ауысымды мектеп және оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 16 мектеп салынып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу жоспарланды. Бүгін міне, демеушілер қаржыландырып, 900 орындық жаңа мектептің іргесін қаланды. 33 мыңнан астам тұрғыны бар Есік қаласы ғана емес, жалпы облысымыз үшін бұл керемет сыйлық, зор қуаныш. Барша тұрғындар атынан демеушілерге алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімі.

Мектеп құрылысы 2024 жылдың қыркүйегіне аяқталып, мемлекет балансына беріледі деп жоспарланып отыр.

Былтыр Алматы облысының әкімдігі отандық бизнесмендер мен меценаттарды «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептердің құрылысын қаржыландыруға шақырған. Бүгінде кәсіпкерлер қолдауымен Есік пен Шелекте мектеп салынып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЕсік қаласыМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz