11 °c
Qonaev
Жұма, Наурыз 24, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Марат Сұлтанғазиев бірқатар шенеунікті қатаң тәртіптік жазаға тартты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс мәжілісінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шенеуніктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

Қатира Мағдатқызы
27.01.2023
Ә, кімдер?
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оның айтуынша, 2022 жылы электр жүйелерінің тозуына байланысты жарықтың өшуі және желілердің үзілуі Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Балқаш аудандарында көп байқалған.

«Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға қомақты қаржы қарастырылғанымен (облыс бойынша – 11 млрд. теңге), жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін қаражат бөлуге өтінім уақтылы берілмегендіктен бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданының Ащысу, Бозой ауылдарының тұрғындарына (650 адам) су тасымалданып келеді. Қарасай ауданының әкіміне бірнеше қайтара тапсырылғанымен, Теректі ауылының кәріздік сорғы станциясы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне бүгінгі күнге дейін өткізіп берілмеген және тиісті жұмыс атқарылмаған», – дейді өңір басшысы.

Сонымен қатар, ол Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында су құбырының жарылуы да аудан әкімдігінің жұмысын лайықты жүргізбегендіктен болғанын айтты. Марат Сұлтанғазиев шаруашылық нысандарын уақтылы есепке алмағаны және олардың сапалы жұмысын қамтамасыз етпегені үшін Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерік Самұратовқа сөгіс жариялап, тәртіптік шара қолданды.

«Осындай жағдайларды біле тұра аудан әкімі алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында уақтылы бюджеттік өтінім беру керек болған. Бұл жағдайлардың барлығы халықтың наразылығын тудырып отыр», – деді ол.

Облыс әкімінің мұндай жазасына салғырттық танытқан тағы бір шенеунік ілікті. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы және Шелек ауылындағы блокты-модульдік қазандықтардың құрылысы кезінде, айналасын абаттандыру жұмыстары жобада ауданмен қарастылымағандықтан, бүгінгі күнге облыстық бюджетке 901,7 млн. теңге қосымша жүктеме түскен. Өз ісіне салғырт қарағандықтан бұл ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковқа да тәртіптік шара қолданылатын болды.

«Жылыту маусымы кезінде халықты, оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын адамдарды қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі аудандар мен Қонаев қаласы әкімдерінің бірінші басты мәселесі болып табылу қажет. Осыған орай, аудандар мен Қонаев қаласының әкімдеріне 2022 жылғы қазан айында апта сайын ақпарат жолдау керек екені тапсырылып, бұл мәселе бойынша арнайы жиналыстар да және тиісті хаттар да жіберілген болатын. Алайда, Ұйғыр ауданы мен Қонаев қаласының әкімдіктері бүгінгі күнге дейін тапсырманы орындамай келеді. Жоғарыдағыны ескере отырып, Ұйғыр ауданы мен Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары Дамир Исмаилов және Дархан Қарагонысов қатаң тәртіптік жазаға тартылсын», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиевтұрғын үй

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz