-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ә, кімдер?

Қарағанды облысының әкімі тағайындалды

Қарағанды облысының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды.

Назым Текеспаева
08.12.2022
Ә, кімдер?
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп хабарлады Ақорда.

Оның кандидатурасына Қарағанды облысы мәслихатының депутаттары дауыс берді. Ашық дауыс беруге 178 депутат қол көтеру арқылы қатысты. Есеп комиссиясы Бөлекпаевқа 138 депутат дауыс бергенін хабарлады.

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған.

1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы «Бизнес-Информ» ИКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды.

1998 жылдың қараша айында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастады. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.

2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы – тәртіптік кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған.

2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы «Сарыарқа», «Алматы» және «Есіл» аудандарының әкімі болды.

2018 жылы Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz