Осылайша, Александр Лукашенко қатарынан жетінші мәрте Беларусь президенті лауазымына ресми түрде кірісті.
Ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті. Салтанатты шара барысында алғашқы сөзді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко алып, Александр Лукашенконың демократиялық сайлау нәтижесінде ел президенті болып сайланғанын мәлімдеді.
Лукашенко антты беларусь тілінде қабылдап, одан кейін мемлекеттік әнұран орындалды. Мемлекет басшысы ант қабылдау туралы ресми құжатқа қол қойып, ОСК төрағасынан президент куәлігін алды.
«Мен – бақытты президентпін, ал Беларусь – өмір сүргің келетін ел», – деді Лукашенко ұлықтау рәсімінде.