«Сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес аясында мына мемлекеттердің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылданды: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен», – делінген құжат мәтінінде.
Жарлықта көрсетілгендей, бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және бейиммиграциялық визалар арқылы кіруді жоспарлаған шетел азаматтарына қатысты қолданылады.
Сонымен қатар, Дональд Трамп тағы жеті елдің азаматтарына елге кіруде ішінара шектеулер енгізуді бұйырды. Олардың қатарында: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла бар.
Аталған шешім АҚШ-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризм қаупінің алдын алу мақсатында қабылданған.