АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қол қойған ішкі дипломатиялық жеделхатта Мемлекеттік департамент бұл елдерден алаңдаушылық білдіріп, кемшіліктерді түзетуге 60 күн мерзім берген.
Құжатта кейбір мемлекеттердің жеке басын куәландыратын сенімді құжаттар беруге қауқарсыз екені, кейбірінің азаматтарын елден шығаруға ықпал етпейтіні айтылған. Сондай-ақ АҚШ визаларын беру мен пайдалану тәртібінің бұзылуы, тіпті кей азаматтардың терроризмге немесе антиамерикалық әрекеттерге қатысы болуы да себеп ретінде көрсетілген.
Егер алдағы 60 күн ішінде жағдай өзгермесе, бұл елдерге қатысты толық немесе ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін.
Тізімге енген мемлекеттер қатарында: Ангола, Бенин, Камбоджа, Қырғызстан, Мысыр, Нигерия, Сирия, Уганда, Зимбабве және өзге де елдер бар.