Канзас штатының сенаторы Роджер Маршалдың сөзінше, Вичитадан Вашингтонға ұшқан ұшақтың бортында 60-қа жуық жолаушы болған.
Америкалық БАҚ мәліметінше, ұшақ құлаған өзендегі судың температурасы шамамен 35 градус Фаренгейт болған, бұл — шамамен 2 градус Цельсий.
«Мұндай температурада адам 15-30 минуттан кейін есінен танып қалады», — деп жазды NBC.
АҚШ Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, жолаушылар ұшағымен соқтығысқан АҚШ армиясының Black Hawk тікұшағында үш адамнан тұратын экипаж болған.