Аустралия 70 ресейлік азаматқа жеке санкциялар және 79 ресейлік компанияға қаржылық санкциялар салғанын жариялады.
Аустралияның сыртқы істер министрі Пенни Вонгтың айтуынша, санкциялар Ресей басып алған Украина аумақтарындағы оккупациялық билік өкілдеріне, әскери-өнеркәсіптік, көлік және қаржы компанияларына, сондай-ақ Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы әскери ынтымақтастыққа қатысы бар фирмалар мен тұлғаларға қарсы бағытталған.
Жаңа Зеландияның сыртқы істер министрі Уинстон Питерс 52 ресейлік тұлға мен компанияға санкциялар салынғанын мәлімдеді.