2023 жылғы 7 қазанда олар Нахаль-Оз кибуцы бекетінен ұрланған еді.
Қазір қыздар Қызыл Крест машиналарында, олар жақында Газа секторынан Израильге бет алады.
Бүгін Израиль өз кезегінде 200 палестиналық тұтқынды, оның ішінде өмір бойына сотталған 121 адамды босатуға тиіс.
Бұл Израиль тұтқындарын палестиндік тұтқындарға алмастырудың екінші кезеңі, ол 19 қаңтарда күшіне енген Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім аясында жүзеге асып отыр. Өткен жексенбіде ХАМАС 2023 жылғы 7 қазанда ұрланған үш израильдік тұтқынды босатқан болатын. Ал Израиль 90 палестиндік тұтқынды түрмеден шығарды.