Алғашқы апталарда оларды Газа секторындағы палестиналық отбасының үйінде ұстаған. Сол үйде олар отбасына және өздеріне тамақ дайындап, үй қызметшісінің рөлін атқарған. Үйде жасырынған ХАМАС содырларының арасында командирлер, сондай-ақ әйелдер мен балалар болған.
Тұтқындарды жиі басқа жерлерге көшіріп, палестиналық киімдерге киіндіріп, пәтерлер мен жерасты туннельдерінде жасырған. Олардың көбінесе бірге болғанына қарамастан, кейде оларды бөлек ұстайтын. Қыздардың бірін ұзақ уақыт туннельдерде ұстаған, онда жағдай өте ауыр болып, азық-түлік аз болған.
Тұтқындар ХАМАС-тың пропагандалық видеоларын түсіру үшін өздерін пайдаланғанын, дайындап қойған мәтіндерді оқуға мәжбүрлегендерін айтты. Олар ХАМАС содырларына сенуге болмайтынын айтқан.