Ол Apple компаниясының Орталық Азия мен Армения аймағындағы қызметін қадағалайтын басшы ретінде тағайындалды. Ол қызметін Дубайдағы кеңседен атқаратын болады. Бұл туралы Әділхан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Әділхан Қопабаев 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технологиялар институтын (UNIST) «қала инженері және технологиялық менеджмент» мамандығы бойынша үздік тамамдаған. Ол UNIST Global Uni-Star атты беделді стипендияның иегері атанды.
2021 жылы АҚШ-тың Провиденс қаласындағы Браун университетінде мемлекеттік басқару магистратурасын аяқтап, Рокфеллер қорының стипендиясына ие болды.