Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Канцлер Олаф Шольц пен үкімет мүшелеріне отставкаға кеткені жөнінде ресми түрде хабарлады. Алайда олар жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетін атқарушы ретінде уақытша қызметтерін жалғастырады.
Бұл – Германияның Негізгі Заңының 69-бабында бекітілген тәртіп. Аталған заңнамаға сәйкес, федералдық канцлер мен министрлер жаңа Бундестагтың алғашқы отырысы өткен сәттен бастап қызметін тоқтатады. Биыл Бундестагтың алғашқы отырысы 25 наурызда өтті.
Соған қарамастан, Президент Штайнмайер канцлер Шольц пен барлық 14 министрден бірқатар уақыт өз қызметінде қалып, ел басқару ісінде тұрақтылықты сақтауын сұрады. Бұл процесс те заң аясында реттелген.
Жаңа үкімет құрылып, ресми түрде іске кіріскенге дейін, қазіргі канцлер мен министрлердің міндетін уақытша атқаруы жалғаса береді.