Агенттіктің мәліметінше, бұл талапты «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) ұйымының жетекшісі Ахмед аш-Шараа қойған. Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратқа қатысты Reuters-ке пікір білдіруден бас тартты.
8 желтоқсанда Башар Асад Сириядан қашып кеткеннен кейін, Ресейдің сыртқы істер министрлігі оның Сирия президенттігінен кеткенін және елден шыққанын жариялады. Владимир Путин Асад пен оның отбасына баспана берген.