Әңгіме жеке кездесу өткізу мүмкіндігі туралы болмақ, бұл кездесу алдағы айларда өтеді деп жоспарланып отыр және Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға тырысуға бағытталады. Бұл туралы CNN хабарлады.
Бұған дейін Трамп Путинмен кездесу дайындығы туралы мәлімдеген болатын.
«Ол (Путин) кездескісі келеді. Біз дайындық жүргізіп жатырмыз. Президент Путин кездескісі келетінін тіпті ашық түрде мәлімдеді. Біз (соғысты) тоқтатуымыз керек», – деді Трамп бейсенбі күні Флорида штатында журналистер алдында сөйлеген сөзінде.