Бұл туралы Түркияның басты оппозициялық партиясы – CHP жетекшісі Өзел мәлімдеді.
Наразылық білдірушілер алдында сөйлеген сөзінде ол Түркия билігін Имамоғлуды және басқа да қамауға алынған шенеуніктерді дереу босатуға шақырды.
Бұдан бөлек, Өзел кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге қол жинау бастамасын тағы да көтерді. CHP көшбасшысы сондай-ақ елдегі үкіметшіл басылымдар мен телеарналарды бойкоттауды жалғастыруға шақырып, Имамоғлуға қатысты сот процестері TRT Haber телеарнасында тікелей эфирде көрсетілуі керек деп талап етті.