Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәлімдеуінше, Эгей теңізіндегі жер сілкінісі көршілес бірнеше провинцияда қатты сезілген. Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 02:17-де тіркеліп, эпицентрі Мармарадан 10,43 шақырым жерде, 67,91 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қайғылы оқиға кезінде 14 жастағы қыз көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қалада ғимараттар бүлінбегенімен, дүрбелеңге түскен тұрғындар үйлерінен терезе арқылы секіріп, жарақат алған. Мугла губернаторы Ыдырыс Акбыйык жергілікті халық қатты қорыққанын айтады.
Жер сілкінісі салдарынан 69 адам түрлі дене жарақатын алған. Оның ішінде 14 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілсе, 8 тұрғын амбулаториялық ем қабылдап, үйлеріне жіберілді. Қалған 46 адам ауруханада ем алып жатыр.