Әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 13:39-да Ахмедабад әуежайынан Лондонға бет алып ұшып шыққан. Air India әуе компаниясының мәліметінше, AI171 рейсі Лондондағы Гатвик әуежайына жергілікті уақытпен 18:25-те қонуы тиіс болған.
Жергілікті ANI агенттігінің хабарлауынша, ұшақ дәрігерлер жатақханасының ғимаратына құлаған. Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеолар әлеуметтік желілерде таралып, қою қара түтіннің әуеге көтерілгені байқалды.
Air India компаниясы ұшақ бортында 242 адам болғанын хабарлады. Оның ішінде 169 адам — Үндістан азаматы, 53 адам — Ұлыбритания азаматы, бір Канада азаматы және 7 Португалия азаматы бар.
Қазіргі уақытта ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы нақты ресми ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен, Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянатх оқиға салдарынан жолаушылардың көбі қаза тапқанын мәлімдеді.
Тиісті органдар апаттың себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.