Бұл жаңалықты Украина экономика министрі Юлия Свириденко ресми түрде мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, екі тарап Украинаны қалпына келтіру инвестициялық қорын құруға дайындық үстінде. «Бұл келісім ауқымды инвестициялар тартуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және Украина мен АҚШ арасындағы өзара тиімді әріптестікке кең жол ашады», – деді Свириденко.
Қазіргі таңда тараптар келісімнің мәтінін нақтылап жатыр. Құжатқа ресми қол қойылған соң, ол екі елдің парламенттері арқылы ратификацияланып, заңды күшіне енбек.
Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский меморандумға 17 сәуірде онлайн түрде қол қойылатынын мәлімдеген еді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұл құжатқа 24 сәуірде қол қою жоспарда екенін атап өтті.
Фото: © Flickr / U.S. Army Europe Images