Белгілі болғандай, Зеленскийдің рейсі 8 сағат 2 минутқа созылған. АҚШ-қа ұшар алдында ол Ирландияда қысқа аялдама жасап, елдің батысындағы Шеннон әуежайына қонған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Украина Президенті Ирландияның Премьер-министрі Мишель Мартинмен кездесу өткізді.
Сапар барысында Владимир Зеленский АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі ел көшбасшылары сирек кездесетін жер металдары бойынша маңызды келісімге қол қояды деп күтілуде.