«Кездесу уақытына да, делегация деңгейіне де мән берілмеді. Ресей тарабының бізге құрмет көрсетпегенін айтып жатудың өзі артық – бұл онсыз да анық», – деді ол.
Мемлекет басшысы Украина Ресей аннексиялаған аумақтарды ешқашан мойындамайтынын және Мәскеумен қандай да бір бейбіт келісімге келу үшін Қырымнан бас тартпайтынын қатаң мәлімдеді.
Зеленскийдің баспасөз мәслихатында айтқандарынан негізгі тұстар:
🔸 Украина делегациясы Анкарадан Стамбұлға Ресеймен келіссөздер жүргізу үшін жолға шықты. Кездесу бүгін кешке немесе ертең өтуі мүмкін;
🔸 «Мен [Владимир] Путинге ешқандай ұсыныс жасаған жоқпын. Оның бізден тікелей келіссөз талап етіп отырғанын бәріміз білеміз»;
🔸 «Дональд Трамптың ұстанымы – екі тарапқа да қысым жасау. Алайда меніңше, Украинаға көрсетілген қысым әлдеқайда басым болды»;
🔸 Майдандағы жағдайға тоқтала келе, Зеленский Ресей әскері барлық бағыттар бойынша тоқтаусыз шабуыл жасап жатқанын атап өтті.