Әлемдік рейтингтің көшін Илон Маск бастап тұр – оның байлығы 342 миллиард доллар деп бағаланған. Екінші орында – Марк Цукерберг (216 млрд доллар), ал үшінші орынға Джефф Безос (215 млрд доллар) жайғасты.
Қазақстаннан тізімге енгендер қатарында:
-
464-орын – Вячеслав Ким, 7,1 млрд доллар
-
597-орын – Михаил Ломатадзе, 5,9 млрд доллар
-
605-орын – Тимур Турлов, 5,8 млрд доллар
-
620-орын – Владимир Ким, 5,7 млрд доллар
-
673-орын – Динара Құлыбаева, 5,3 млрд доллар
-
673-орын – Тимур Құлыбаев, 5,3 млрд доллар
-
979-орын – Болат Өтемұратов, 3,7 млрд доллар
Бұл тізім қазақстандық бизнестің жаһандық экономикадағы орнын көрсетіп қана қоймай, еліміздегі жеке капитал иелерінің ауқымын да айғақтайды.