14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аңдатпа

Алматы облысында республикалық күйшілер байқауы өтеді

Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты Республикалық күйшілер байқауы өтеді.

Ақерке Жұмағазықызы
16.08.2023
Аңдатпа
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Айтулы шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілмек. Алғашқы рет ұйымдастырылған байқау 16 тамыз күні Қонаев қаласында өтеді.

Аталмыш байқауға еліміздің Алматы, Астана қалаларынан, Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жетісу, Қарағанды, Алматы облысынан келген 17 дарынды күйші бақ сынайды. Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар билет таңдау арқылы шығарма орындаса, ақтық кезеңде жеке дайындап келген туындыларын көрермен назарына ұсынады.

«Күй өнеріне жеңіл-желпі адамдар бара алмайды, жүрегінің түгі бар, рухани қазынасы мол адам ғана күй саласына қадам басады. Ол үлкен құрылымнан тұратын екі шекті домбыра арқылы халықтың мұңын, зарын, қуанышын, жеткізетін ұлы дүние. Бабалар мұрасын дәріптеп, дәуірдің үнін домбырамен жеткізіп жүрген жас өнерпаздарға сәттілік тілеймін», – дейді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Тулеужан Ғұмаров.

Домбыраның құлағында ойнаған күйшілерге Қазақстанға еңбегі сіңген танымал күйші, композиторлары қазылық етеді. Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде төрешілер орындаушылық шеберлігіне, шығарманың күрделілігіне, сахна мәдениеті мен ұлттық киіміне баса назар аударады.

Айта кетейік, 17 тамыз Райымбек ауданында әйгілі күйші-композитор Қожеке Назарұлының туғанына 200 жыл толуына арналған байқауда халық өнерін зерттеуші ғалым Сағатбек Медеубекұлының «Қожекенің күй мектебі» атты дәріс-концерті өтеді.

Тегтер: Алматы облысы

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz