Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Президентін Жаңа жылмен әлем көшбасшылары құттықтады

Қазақстан Президентінің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.12.2025
Жаңалықтар

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Испания Королі VI Фелипе, Испания Премьер-министрі Педро Санчес, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер құттықтады.

Сонымен қатар, Германия Федералдық канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Албания Президенті Байрам Бегай, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта, Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Корея Республикасының Президенті Ли Чже Мёң, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн, Руанда Президенті Поль Кагаме, Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лун, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, ФИФА Президенті Джанни Инфантино, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілері құттықтау жолдады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің атына бұрынғы мемлекет және үкімет басшыларынан, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлерінен, ірі халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілерінен, дипломатиялық миссия өкілдерінен және өзге де ресми тұлғалардан Жаңа жылға арналған ізгі тілектер келіп түсті.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Алматы облысының спортшылары Түркияда тарихи жеңіске жетті

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Қонаевта 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жаңартылуда

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Шонжыдағы аудандық кітапхана жаңғыртылып, заманауи орталыққа айналды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz