17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Әкім және әкім орынбасарларына мемлекеттік тілді білу міндеттелді 

Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов айтты.

TitleAgency
14.09.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Осы немесе келесі айда Үкімет «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітеді. Онда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу енгізіледі. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылықтар болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тіл білу міндетелді», – деді Ербол Тілешов ҚР Президенті Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулық негізі» атты дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамада мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу, мемлекеттік тілде заң қабылдау, аударма сапасы мәселелері қарастырылған.

«Әсіресе құжаттардың түпнұсқада мемлекеттік тілде дайындалуы маңызды. Мұнда қазақ тілі әлі күнге дейін аударма тілі болып қалуда, бұл шындық. Қазір 30 жылда үлкен мамандар легі қалыптасты, сондықтан талап қозғау керек деп ойлаймын», – деді Ербол Тілешов.

Айта кетейік, елдегі орыстілді оқушылар 9 және 11-сыныптан кейін қазақ тілінен сынақ тапсырып, сертификат алады. Оған қоса, алғаш рет қазақ тілі сөздерінің лексикалық-грамматикалық минимумдары бекітіледі.

Тегтер: мемлекеттік тіл

Ұсынымдар

Алматы облысында көлік қаққан қыздардың бірі Алматыға жеткізілді

26.09.2023

Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

26.09.2023

Елімізде сібір жарасын 32 адам жұқтырған – Денсаулық сақтау министрі

26.09.2023

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

26.09.2023

Азиада – 2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

26.09.2023

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

26.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz