16 °c
Qonaev
Жексенбі, Қыркүйек 24, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Алматы облысы бюджет қаржысын игере алмаған

Биыл 8 айда мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6 пайызға орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

TitleAgency
13.09.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Министрдің дерегінше, 8 айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 98,6, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 21 млрд теңгені құрады. Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, сондай-ақ Ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары», – деді ол.

Оның атап өтуінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 131 млрд теңге.

«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Тегтер: Алматы облысыЕрұлан Жамаубаевқаржымемлекет

Ұсынымдар

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23.09.2023

«Басымнан тепті»: соққыға жығылған талғарлық дәрігер сол күні не болғанын айтып берді

23.09.2023

Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды

23.09.2023

Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді

23.09.2023

Үсік, жаңбыр, қатты жел: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

23.09.2023

Алматы облысында 7 жасар қыз кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалды

23.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz