-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды

Президент  «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

Назым Текеспаева
08.12.2022
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Мемлекет басшысы бұл конкурстың дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтіп, 2005 жылдан бері  шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі үш есе өскенін және қазір ел экономикасының даму деңгейі 34 пайызға жуықтағанын айтты.

«Бүгінде осы салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Бұл – еңбек ететін халықтың 40  пайызы деген сөз. Тағы бір жетістік: былтыр  өңдеу өнеркәсібінің экспорты  рекордтық көрсеткішке – жиырма миллиард долларға жетті. Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 триллион теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде  17 мың жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент алдағы жеті жылда кәсіпкерлік белсенділікті шектейтін барлық кедергіні жоюға күш салынатынын айтып, бизнесті өркендету үшін  нақты шаралар қабылдана беретініне тоқталды.

«Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері. Басынан бастап реттеу институтын енгізуге бір жыл қалды. Үкімет  бизнестің дамуына кедергі келтіретін артық талаптарды анықтау жөнінде ауқымды жұмыс жүргізді. Экономиканың түрлі саласында жаңа реттеу саясатына сай келмейтін 6,5 мыңнан астам талап анықталды. Енді Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді жедел енгізуі керек. 2024 жылдың басынан бастап жаңа тәсілдерге іс жүзінде көшуіміз қажет», – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының  жеңімпаздарын   салтанатты түрде марапаттады.

«Алтын сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны, «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша  Алматы облысының «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны жеңімпаз атанды.

«Парыз» сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы  Гран-при жүлдесі Ақмола облысының «Шуйское-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, ал ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Атырау облысының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорнына табысталды.

Сонымен қатар бизнеске  қолайлы жағдай жасалған «Үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Шымкент қаласының әкімдігі, «Үздік аудан» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Сәтбаев қаласының әкімдігі ие болды.

 

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz