«Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамызда сағат 12:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау 13 шілдеде басталды. Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жалғасады.