-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Елордада он жасар қызын көшеде ұрған әйел 30 мың теңге айыппұлмен құтылды

Астанада көшеде қызын сүйреп жүріп қол жұмсаған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz елорда сотына сілтеме жасап.

Назым Текеспаева
02.11.2022
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сотта анасы баланы жалаңаяқ, сырт киімсіз, спорт формасымен көшеге шығарып, қызының басын жанында тұрған көлікке ұрғаны анықталды. Сот барысында анасы әрекетін мойындамай, қызын көлікке отырғызып, есікті жабуға тырысқанын түсіндірді. Осы кезде қызы көлікке отырудан бас тартып, автокөлікке шынтағын соғып алған», – делінген соттың хабарламасында.

Елорда сотының шешіміне сай баланы ұрып-соғу фактісі бейнежазбамен расталды.

Сондай-ақ, сот анасының мінез-құлқын жас баланың дамуына жол бермейтін және зиян тигізетін қылық деп таныды.

Заң бойынша ата-ана баланың физикалық, психикалық және моральдық қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға міндетті.

Сот әйелді бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі), өйткені оның әрекеті тәрбиенің рұқсат етілмеген әдісіне жатады.

«ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаны көздейді. Сот анасына ең жоғары жаза – 10 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады», – дейді қалалық соттан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілуі мүмкін

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz