15 °c
Qonaev
Жұма, Қыркүйек 22, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Енді бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек ғимаратта оқиды – министрлік

«Жайлы мектеп» жобасы аясында мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты.

TitleAgency
24.08.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Ұлттық жоба аясында салынатын мектептер бұрын салынған мектептерден едеуір ерекшеленеді. Атап айтқанда, жайлы мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынып, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жабдықталады. 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушылары үшін ғимараттар бөлек блоктардан тұрады. Мектептің спорт залдары 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналасады. Олар оқушылардың санына сай есептеледі. Әрбір мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған арнайы шеберханалар, студиялар қарастырылады. Осы және басқа да өзгешеліктер балаларымыздың тағдыры мен құзыреттілігін жан-жақты дамытуға бағытталған», – деді ол Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, қалаларда және белсінді дамып келе жатқан перспективкасы бар елді мекендерде жобалық қуаты 300-ден 2500-ге дейін 369 мектепті салу арқылы 740 мың жаңа оқушы орнын құру жоспарланып отыр.

«Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қажет барлық нормативтік базаны әзірлеп, қолданысқа енгізді. Бұл ретте мектеп салу кезінде туындайтын көптеген проблема ұлттық жобада ескерілді», – деді Ғалымжан Молдаш.

Тегтер: бастауыш сыныпмектеп

Ұсынымдар

Алматы облысында жасөспірім бір топ оқушыны көлікпен қағып кеткен

22.09.2023

Алматы облысында шетелдіктер 10-ға жуық пәтерді тонаған

22.09.2023

Елімізде ерекше қорғалатын 2 табиғи аумақ ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді

22.09.2023

Астанада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

22.09.2023

Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің бөлім басшысы болды

22.09.2023

ШЫҰ-ға мүше елдердің делегаттары Алматы облысына жиналды

22.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz