• Валюта бағамдары
8 °c
Qonaev
Сейсенбі, Желтоқсан 5, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result

Национальный Банк РК

Дата обновления: 05.12.2023

USD USD461.33 тг +1.18
EUR EUR501.65 тг +0.27
RUB RUB5.1 тг -0.01
Подробнее »
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result

Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетіледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім етті.

alataunews.kz
28.10.2023
Саясат
0
Басты бет Саясат

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Костенко атындағы шахтада болған өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетінін айтты.

«Мемлекет тарапынан қазақ тапқан шахтерлердің отбасыларына асыраушысынан айырылғаны үшін төлемдер төленеді. Біріншісі – базалық жәрдемақы, екіншісі – әлеуметтік сақтандыру қорынан, үшіншісі – өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Төлемдердің орташа мөлшері 400 мыңнан 500 мыңға дейін жетеді. Және ол төлемдер асырауында болған жасөспірімдер, 18 жасқа толғанша, егер балалар мектептен кейінгі жоғары білім алып жатса – 23 жасқа толғанша беріледі», – деді министр.

Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртаудың» ұжымдық шартына сәйкес, компания міндетті түрде қаза тапқан шахтердің отбасына 10 жылдық еңбекақысын төлейді.

Оған қоса ҚР Үкіметінің сайты көз жұмған жұмысшылардың жанұяларына көрсетілетін қолдау шараларының толық тізімін жариялады:

– компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

– моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;

– асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;

– қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

– жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

– қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;

– 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

– қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;

– үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.

Еске салайық, бүгін түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. Сағат 17.33-тегі мәлімет бойынша 33 кеншінің денесі табылды,13 адам іздестіріліп жатыр.

Кешқұрым брифинг өткізген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жер астында қалған кеншілерді тірі табуға үміт өте аз екенін мәлім етті.

Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов мерт болған кеншілердің жеке басын анықтау қиынға түсіп жатқанын айтты.

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді. Кейін Үкіметтің баспасөз қызметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның меншік құқығын ҚР меншігіне қайтару туралы келісімшарттың аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.

Тегтер: жарылысҚарағандышахта
Previous Post

Жер астында қалған кеншілерді құтқару мүмкіндігі өте аз – министр

Next Post

Бүгін Қазақстанда – Жалпыұлттық аза тұту күні

Next Post
Бүгін Қазақстанда – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда – Жалпыұлттық аза тұту күні

Свежие записи

  • Алматыда қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыт ашылады
  • Алматыда туристер саны 1,5 млн адамнан асты
  • Енді айыппұл тұрағына көлікті қойғаны үшін ақы төленбейді – Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы
  • Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін – ТЖД
  • Қазақстанға -33 аяз келе жатыр

Свежие комментарии

No comments to show.
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба

© 2023 AlatauNews.kz

No Result
View All Result
  • Новости
  • Жаңалық
  • Регион
  • Аймақ
  • Политика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Сұхбат

© 2023 AlatauNews.kz