Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мәслихат Нұр-Сұлтан қаласын Астана деп қайта аталуын қолдады

Елордалық мәслихат депутаттары Қазақстан астанасының атауын өзгертуге қолдау білдіріп, бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

15.09.2022
Саясат

Бейсенбі күні елордалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Нұр-Сұлтан қаласын – Қазақстанның елордасын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе қаралды. Депутаттар шешімнің жобасын бірауыздан қолдады.

Бұдан әрі мәслихат шешімі Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілетін болады. Ел Үкіметі мен Президенті де өз шешімін шығаруға тиіс. Астананы ресми түрде қайта атау Мемлекет басшысы Президенттің тиісті Жарлығына қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады. Ал осы уақытқа дейін Қазақстанның астанасы бұрынғысынша Нұр-Сұлтан деп аталады.

Мәслихатта айтылғандай, бұл мәселе бойынша барлығы 17 ұсыныс келіп түскен. Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларының 80% бұрынғы атауын қайтаруды қолдайды.

2 қыркүйекте қалаға бұрынғы атауын қайтару қажеттілігі туралы Мәжілістің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері айтты.

«Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және қаланың жаңа атауын халық та қабылдамады. Сондықтан тұңғыш президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру – тарихи әділдік болар еді», — делінген депутаттық топтың хабарламасында.

Өз кезегінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ұсыныс Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілгенін хабарлады.

Тегтер: мәслихатНұр-Сұлтан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімі республикалық олимпиадада І орын иеленді

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Алатау қаласында екі жаңа автобус маршруты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қонаев қаласында референдумды қолдау мақсатында дрон-шоу өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz