Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мектептер 84% лицензияланған күзетпен қамтылады

Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ел мектептерінде рұқсаты бар күзетпен қамту шаралары қолға алынып жатыр. Кейбір өңірде мәселеге баса назар аудару қажет. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

15.08.2023
Саясат

«Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша келесі жұмыстар жүргізілді. Алдымен мектептерді ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосу. Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес бұл көрсеткіш 12 тамызда 83% болды. Егер жыл басында 1 673 мектеп қосылған болса, қазір бұл көрсеткіш 3 103 мектепке артып отыр. Алайда Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарының әкімдіктері бұл жұмысты баяу жүргізіп жатыр. Сондықтан аталған өңірлер өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес жедел басқару орталықтарына қосылу бойынша жұмысты 25 тамызға дейін аяқтауы қажет», — деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр мектептердегі күзет мәселесін қозғады.

«Лицензияланған күзет агенттіктерімен жасалған келісімшарттар негізінде жұмыс жүріп жатыр. Қазір бұл бағытта 84% жұмыс жүргізілді. Дегенмен Түркістан және Алматы облыстарының бұл бағыттағы жұмысы баяу екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар дабыл түймелерін мектептердің 89%-ы орнатты. Егер жыл басында дабыл түймелері бар 1 789 мектеп болса, бүгінгі күні 1,9 есе (3 327 мектеп) өскенін атап өткім келеді», — деді ол.

Оның айтуынша, Түркістан облысы, Ақтөбе және БҚО әкімдіктері аталған мәселені жүйелі түрде қатаң бақылауда ұстауы қажет.

Тегтер: Ғани БейсембаевкүзетшіҚазақстанмектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz