19 °c
Qonaev
Бейсенбі, Қазан 5, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Президент Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды

2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өтуі мүмкін.

TitleAgency
08.06.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Елордада басталған Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы су қауіпсіздігі мәселесін қозғады.

«Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз», – деді Тоқаев форумда.

Айтуынша, су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ.

«Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді.

«Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және «жасыл» экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет», – деді ол.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысысаммит

Ұсынымдар

Алматы облысында 11-сынып оқушысы мотоциклмен апатқа ұшырады

04.10.2023

Алматы облысында егіздер көп дүниеге келген – статистика

04.10.2023

Алматы облысында неміс мамандары қазақ фермерлеріне сүт өндіруді үйретеді 

04.10.2023

400 мың теңгені ұрлап кеткен Алматы облысының тұрғыны ұсталды

04.10.2023

Алматыда бір мектеп қызылшаға байланысты қашықтан оқуға көшті

04.10.2023

Алматы облысында тұмауға қарсы егу басталды

04.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz