• Валюта бағамдары
-4 °c
Qonaev
Сенбі, Желтоқсан 9, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result

Национальный Банк РК

Дата обновления: 09.12.2023

USD USD457.61 тг -2.30
EUR EUR493.07 тг -2.21
RUB RUB4.99 тг +0.02
Подробнее »
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result

Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн – Мемлекет басшысы

Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл туралы Ақордада Республика күнінен орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

alataunews.kz
24.10.2023
Саясат
0
Басты бет Саясат

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн, Көк түріктер дәуірінен Алтын орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тартқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты», – деді Президент.

Мемлекет басшысы шын мәнінде егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағандығын баса назар аудартты.

«Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни, Жоғарғы кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді. Әлихан Бөкейхан «Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана» деген. Ел ағалары халқымыздың ардақты ұлының бұл өсиетіне адал болды. Олар жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білді. Ақжолтай құжат жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды. Отаншыл азаматтардың ақыл-парасатының арқасында қабылданды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент олардың сын сағаттағы батылдығы нағыз ерлік деп бағалауға болатындығын баса айтты.

«Біз қазір Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беріп отыруымыз керек. Азаттық жылнамасында Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Ерік Асанбаев, Әбіш Кекілбаев, Қайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Олжас Сүлейменов, Александр Княгинин, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Терещенко және тағы басқа көптеген тұлғаның есімін құрметпен атап өту керек. Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі, ол еліміздің тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: мемлекет басшысы
Previous Post

Тоқаев: тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер

Next Post

Тоқаев жастарға үндеу жолдады

Next Post
Тоқаев жастарға үндеу жолдады

Тоқаев жастарға үндеу жолдады

Свежие записи

  • Қонаев қаласында заңсыз жерде сауда жасағандарға айыппұл салынды
  • Алматы облысында алғаш рет «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті
  • Президент Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
  • Желтоқсаншыларға 250 мың теңгеден бірреттік төлем беріледі – Алматы
  • «АрселорМиттал Қазақстанның» жаңа инвесторы – қазақстандық кәсіпкер

Свежие комментарии

No comments to show.
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Арнайы жоба

© 2023 AlatauNews.kz

No Result
View All Result
  • Новости
  • Жаңалық
  • Регион
  • Аймақ
  • Политика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Сұхбат

© 2023 AlatauNews.kz