«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусаиновтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Түркия Республикасына барды. Қазақстан мен Түркияның қорғаныс ведомстволарының өкілдері кезекті штабтық келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары қабылданды», — делінген хабарламада.
Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусаинов пен бригада генералы Чатал Ердоган қол қойды.
Полковник Олжас Хусаиновтың айтуынша, екіжақты кездесу барысында әскери білім және ғылым, бітімгершілік қызмет, жауынгерлік және медициналық дайындық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.