17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден кең көлемде инвестиция тартуды және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасайтынын айтты. Бұл туралы ол Астана халықаралық форумында мәлімдеді.  

TitleAgency
08.06.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді. Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Дәл осы үздіксіз тауар, мәдени жетістіктеріміз бен идея алмасу арқылы Қазақстанның өзіндік ұлттық бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты», – деді Президент.

Геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да экономикалық локомотив қызметін атқарып отырғанын атап өтті.

«Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз. Мысалы, Қытайды Еуропалық одақпен байланыстыратын орталық дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бағыт тауарды Үнді мұхиты арқылы тасымалдау мерзімін екі есе қысқартады», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар экономикалық дамуға және өңірішілік бірігуге ықпал ететін «Бір белдеу, бір жол» бастамасында Қазақстан басты рөл атқаратынына тоқталды.

«Біз мемлекеттер мен адамдар арасындағы физикалық байланысты нығайтуға, сондай-ақ серіктес әрі дос ретінде қоғамдастықтар арасындағы байланысты күшейтуге тырысамыз. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, бүгінде Қазақстан жаһандық, ең бастысы, шын мәнінде, сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін айта аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Ұсынымдар

Алматы облысында 11-сынып оқушысы мотоциклмен апатқа ұшырады

04.10.2023

Алматы облысында егіздер көп дүниеге келген – статистика

04.10.2023

Алматы облысында неміс мамандары қазақ фермерлеріне сүт өндіруді үйретеді 

04.10.2023

400 мың теңгені ұрлап кеткен Алматы облысының тұрғыны ұсталды

04.10.2023

Алматыда бір мектеп қызылшаға байланысты қашықтан оқуға көшті

04.10.2023

Алматы облысында тұмауға қарсы егу басталды

04.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz