-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев Балқашқа жаңа әуе рейстерін ашуды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусымдық және туристік ағымды ескере отырып, Балқашқа жаңа әуе және теміржол бағыттарын ашу мәселесін қарауды тапсырды.

Ғалия Мұхамбетқызы
05.10.2022
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жазғы маусымда Балқашқа әуе рейстерге билеттерді субсидиялау мәселесін пысықтауды ұсынды. Қаланың әуе айлағын ел әуежайларын дамыту бағдарламасына енгізу қажет, деп атап өтті Президент.

«Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі, ал болашақта халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады», – деді Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуінде.

Ол аймақ елдің қақ ортасында орналасқанын және еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын негізгі магистраль өтетінін еске салды. Автомобиль жолдарының сапасы аймақтың дамуына ерекше әсер ететіні анық екенін айтты.

«Қазір Орталық-Оңтүстік көлік дәлізі құрылып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп жатыр, мерзімдері бірнеше рет кейінге қалдырылды. Үкіметке келесі жылы Қарағанды-Балқаш және Балқаш-Бурылбайтал автомобиль жолдарының құрылысын аяқтауды тапсырамын», – деді Президент.

Президенттің айтуынша, Қарағанды-Жезқазған тас жолы да маңызды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын бұл жолды жөндеу орталық аудандармен байланысты жақсартуға және жүк ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Ұлытау облысының дамуына серпін береді. Екі облыстың инвестициялық және туристік әлеуеті артады. Бұл жолды жөндеуге келесі жылы кірісу керек, деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ Қарағанды-Қарқаралы автожолын жөндеуді тапсырды. Барлық жұмыстар екі жыл ішінде аяқталуы керек. Бұл Қарқаралының туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz