16 °c
Qonaev
Сенбі, Қыркүйек 23, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілін қабылдады

Президент БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады.

TitleAgency
24.08.2023
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Мемлекет басшысы Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

«Президент Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтіп, оның аймақтағы орнықты өсімді қамтамасыз ету, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Өз кезегінде Каха Имнадзе орталық қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның өңірдегі бейбітшілікті нығайту және диалогты ілгерілету ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Каха Имнадзе өңір елдерінің өзара жемісті ынтымақтастығына жан-жақты ықпал етуге тырысатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесу барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай талқыланды.

Тегтер: мемлекет басшысы

Ұсынымдар

Алматы облысында жасөспірім бір топ оқушыны көлікпен қағып кеткен

22.09.2023

Алматы облысында шетелдіктер 10-ға жуық пәтерді тонаған

22.09.2023

Елімізде ерекше қорғалатын 2 табиғи аумақ ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді

22.09.2023

Астанада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

22.09.2023

Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің бөлім басшысы болды

22.09.2023

ШЫҰ-ға мүше елдердің делегаттары Алматы облысына жиналды

22.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz