17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев: «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін жат деп санау – қисынсыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды, - деп хабарлайды AlatauNews.kz ақпарат агенттігі.

Айжан Умбеткали
16.06.2022
Елорда
Ақорданың баспасөз қызметі ұсынған фото

Ақорданың баспасөз қызметі ұсынған фото

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Президент барша қазақстандықты Ұлттық құрылтайдың ашылуымен құттықтады.

«Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты», – деді Президент отырыста.

Мемлекет басшысы «Қазақстан» атауындағы «-стан» тіркесіне қатысты пікір білдірді.

«Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар. Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: ЕлордажарлықҚасым-Жомарт Тоқаевқұрылтай
Please login to join discussion

Ұсынымдар

Алматы облысында көлік қаққан қыздардың бірі Алматыға жеткізілді

26.09.2023

Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

26.09.2023

Елімізде сібір жарасын 32 адам жұқтырған – Денсаулық сақтау министрі

26.09.2023

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

26.09.2023

Азиада – 2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

26.09.2023

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

26.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz