-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев Түркия президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай президент Режеп Тайып Ердоғанға және барша түрік халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады, - деп хабарлайды Alataunews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалия Мұхамбетқызы
29.10.2022
Елорда
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Ұлт бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі, еркіндік пен жасампаздықтың бірегей нышаны болған бұл күннің ел тарихында орны ерекше екені сөзсіз. Осы құндылықтарды ту еткен Анадолы елі – қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет. Мұның бәрі ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз бен дана саясатыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіздің арқасы деп білемін. Осы тұста Сіздің парасатты басшылығыңызбен Отаныңыздың әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселей беруіне тілектестігімді білдіремін», – делінген құттықтау хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, отбасына баянды бақыт, ал ағайын түрік халқына мол ырыс пен құт-береке тілейтінін жеткізді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевқұттықтау хатмемлекет басшысы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz