-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Елорда

Тоқаев үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасайтынын хабарлады.

Назым Текеспаева
29.12.2022
Елорда
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebookTwitter
«Мен жақында өткен үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзетіп, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын», – деді президент сенат отырысында.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Ол экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салу керектігін атап өтті.
«Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуы тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес», – деді Тоқаев.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу қажеттігіне тоқталды.
«Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті», – деді президент.
Тоқаев алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керектігін баса айтты.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz