Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк Мемлекет басшысына бір жылдың есебін берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.05.2024
Жаңалықтар, Саясат
Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.

Президентке 2023 жылғы ақша-кредит саясатының орындалу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын және алтын-валюта резервінің жай-күйін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктің қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ Ұлттық қордағы активтер туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция екі еседен астам, яғни 9,8 пайызға дейін төмендегені туралы мәлімет берілді. Базалық мөлшерлеме 14,75 пайызға дейін төмендеген. Депозиттерді доллар түрінде сақтау 23,2 пайызды құрап, 26 жыл бұрынғы төменгі шекті деңгейге жетті. Бұл ретте Ұлттық банктің жалпы алтын-валюта резерві 2022 жылмен салыстырғанда биыл 0,9 миллиард долларға немесе 2,5 пайызға көбейіп, 36 миллиард долларды құраған. Ұлттық қордағы активтер 4,3 миллиард долларға өсіп, 60 миллиард долларға жетті. Активтердің табыстылығы 11,38 пайыз болды. Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі былтыр 3,2 триллион теңгеге ұлғайып, 17,8 триллион теңгеге жеткен. Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен асып, 10,1 пайызды құрады.

Тегтер: бір жылдық есепТимур СүлейменовТоқаевүкімет жаңалықтарыҰлттық банк

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz