Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.
48 үміткердің ішінен «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова – Time.kz
Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова – Tengrinews.kz
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
Амангүл Тілейқызы – El.kz
Жылдың үздік журналистік зерттеуі(Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко – Golos-naroda.kz
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова – Kapital.kz
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz
Радиостанциядағы үздік жоба:
«Orda FM» – «Zhas STAR» бағдарламасы
Жылдың үздік фотосуреті:
Валерий Бугаев
Үздік өңірлік БАҚ:
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)
Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
«Қазақ елі» журналы (Түркия)
Үздік подкаст:
«OY-DETOX» – Әйнел Әмірхан
Үздік YouTube каналы:
Абай Сейфоллаұлы – «Abay Live»
Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER – 2023» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
2017 жылдан бастап барлығы 3827 жұмыс сыйлық алуға келіп түсті, оның 348-і шорт-парағына енді. «URKER» ескерткіш мүсіншесінің иегерлері 92 үздік атанды.
«URKER» – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ.